20%-дан астам қазақстандықтар семіздікке шалдыққан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

20%-дан астам қазақстандықтар семіздікке шалдыққан

444

Smiley face

Қазақстанның ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың 20%-дан астамы семіздікке шалдыққан. Бұл ретте толық адамдардың ең көп пайызы Солтүстік және Орталық Қазақстанға, сондай-ақ Маңғыстау облысына тиесілі.

Сарапшылардың айтуынша, семіздік жылдан жылға жасарып келеді: кіші жастағы балалар арасында семіздіктің таралуы қазіргі уақытта 40 жыл бұрын болған статистикадан 10 есе асып түседі. Қазақ тамақтану академиясының зерттеулеріне сәйкес, елдегі 1-ден 14 жасқа дейінгі әрбір бесінші баланың (21,5%) артық салмағы бар, бұл жағдайлардың жартысынан астамында артық салмақ семіздікке ауысады.

"Артық салмақтың себебі, ең алдымен, дұрыс тамақтанбау. Адамдар калория көп тұтынады, бірақ оны жұмсамайды. Қозғалысы аз өмір салты, фаст-фудпен әуестену, тамақтанудың теңгерімсіздігі - осының бәрі салмақ жинаудың алғышарттары. Бірақ артық салмақ – бұл эстетикалық проблема ғана емес, бұл денсаулыққа, әсіресе жастардың денсаулығына төнетін қатерлі қауіп, өйткені артық килограммдар өмір бойы әртүрлі аурулардың тұтас шоғырын тудырады", - дейді дәрігер, "Аман-Саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.

Сарапшының пікірінше, адам денсаулығына әсер ететін қауіп факторларының санын азайтуға кешенді көзқарасты білдіретін, зиянды төмендету тұжырымдамасын енгізу қажет.

"Халықты ақпараттандыру және "зиянды" тағамға тыйым салу ғана емес, сонымен бірге пайдалы тағам өнімдерінің қолжетімділігін арттыру және олардың ассортиментін кеңейту маңызды. Алдағы уақытта семіздік проблемасы елдің жас ұрпағы үшін әлеуметтік қауіп төндірмеуі үшін халық арасында салауатты тамақ әдеттерін қалыптастыру жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеп, енгізу қажет", - деді Бақыт Түменова.


Көзі: yunews.kz