Не таңдайсыз: шай әлде кофе? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Не таңдайсыз: шай әлде кофе?

444

Smiley face

Алматы полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары қаладағы бизнесс-орталықтардың бірінде оныншы қабатта орналасқан караоке-притонды әшкереледі, онда клиенттер тек ән айтып қана қоймай, қыздармен көңіл көтере алатын болған. Оперативтік іс-шаралар барысында 14 жеңіл жүрісті қыз және клиент болған Оңтүстік Кореяның үш азаматы ұсталды. 

 "Бұл күмәнді орын "шәй-кофе" принціпімен жұмыс істейді, яғни клиент "шәй" таңдаса, қыз оның жанында отырып, ән айтады, көңіл көтереді, қонақтың "ішін пыстырмайды". Ал егер "кофе" кодын таңдаса, қыз бала клиентпен бірге бөлек жерге кететін болған. Негізгі қонақтар Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары. 14 қыздың үшеуі Өзбекстан азаматы, біреуі Ресей азаматшасы, ал қалғаны өз отандастарымыз болып шықты.  Сондай-ақ, ол жерде мекеменің әкімшісі ұсталды, 1985 жылғы әйел бұрын да жезөкшелікпен айналысуға қатысып, жауапкершілікке тартылған», - деді Алматы полиция Департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Smiley face

Smiley face

Ұсталғандардың барлығы аудандық полиция басқармасына жеке басын анықтау және қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттерге тексеру үшін жеткізілді. Басқа елдердің азаматтарына қатысты олардың ҚР аумағында болу заңдылығын анықтау мақсатында тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу тіркелді ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну"). Полиция қызметкерлерінің айтуынша, караоке-бардың иесіне қатысты алдағы уақытта да шаралар қабылданатын болады.

 Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz