Төрт аяқты құтқарушылар - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Төрт аяқты құтқарушылар

444

Smiley face

Құтқарушылар күні қарсаңында Қызылорда қаласында алғаш рет Төтенше жағдайлар комитеті Жедел-құтқару жасағының сертификаттау сынақтарының кинологиялық есебі жүргізіледі. Шараға Қазақстанның 14 облысынан 29 кинологиялық есеп қатысуда, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.

Ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Е. Бердібаев, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары С. Молдақараев және "Қызылорда еріктілері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы О. Чебакова құттықтау сөз сөйледі.

Сынақтың бірінші күні лабрадорлар, неміс, бельгиялық овчаркалар және басқа да қызметтік иттердің командаларды тыңдауы мен ептіліктері  тексерілді.

Smiley face

Сертификаттау кезеңдеріне дайындық барысында тәжірибелі кинолог-құтқарушылар өздерінің кәсіби деңгейін жоғарылатады және жас кинолог-құтқарушылармен тәжірибе бөліседі.

Төрт күндік іс-шарада иттер табиғи ортада іздеу-құтқару жұмыстары кезеңінде және бұзылған ғимараттардың үйінділері жағдайында тапсырмаларды орындайтын болады.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz