Елордалық тергеу изоляторында фронт-кеңсе ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық тергеу изоляторында фронт-кеңсе ашылды

444

Smiley face

ЕЦ-166/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қолдауымен сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың адвокаттарына, қоғамдық қорғаушыларына және туыстары мен өзге де адамдарға арналған фронт-кеңсенің ашылуы өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшысы заң полковнигі Ернат Ақылжановтың айтуынша, біраз уақыттан бері қоғамдық өкілдердің тарапынан елордалық тергеу изоляторында келушілерге арналған бөлмелердің жоқтығына, сондай-ақ тиісті жағдай жасалмағандығына байланысты шағымдар түскен болатын.

Smiley face

Осылайша, астаналық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен ЕЦ-166/1 мекемесінде Қылмыстық-жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық әрекет шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне көмек көрсету, сондай-ақ жазаларын орындап жатқан адамдарға әлеуметтік және басқа да көмектерді ұйымдастыру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында фронт-кеңсе құрылысын салу туралы бірлескен шешім қабылданды.

Бірыңғай өткізу пункті болып табылатын фронт-кеңсе келушілердің күту уақытын азайтып, жағымды жағдайлар жасайтын болады. Оның үстіне, ол қазіргі заман талабына сай құралдармен жабдықталған.

Бұл қадам азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Фронт-кеңсенің ашылуы барысында келген қонақтар мекеме аумағындағы адвокаттар мен қоғамдық қорғаушыларға арналған тергеу кабинеттерімен, изолятордағы кітапханамен, сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлмелерімен танысты.

Жаңа ғимаратта сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушыларына 16 кабинет, сондай-ақ қысқа мерзімді кездесулерге арналған 4 бөлме қарастырылған. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұқсас электронды кезек енгізілген, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізеді.

Жаңа өткізу пункті күніне 150-ге жуық адам қабылдайды деп күтілуде. 

Smiley face


Көзі: yunews.kz