Тәжік-ауған қақтығысына қатысқан қазақстандықтар ардагерлер мәртебесін алуы тиіс - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тәжік-ауған қақтығысына қатысқан қазақстандықтар ардагерлер мәртебесін алуы тиіс

444

Smiley face

1992 жылдан 2001 жылға дейін тәжік-ауған шекарасын қорғау жөніндегі әскери науқанға 10 мыңға жуық қазақстандық әскери қызметшілер қатысты, олардың әлі күнге дейін ешқандай ресми мәртебесі жоқ. Осыған байланысты 2019 жылдың 23 қыркүйегінде "Ақ жол" партиясынан Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Премьер-министр Асқар Маминге тәжік-ауған қақтығысына қатысушыларға "ардагер" мәртебесін беру туралы мәселені қарауды өтінді.

"Бүгін Қазақстан БҰҰ миссиясы аясында бітімгершілік қызметіне ерекше көңіл бөледі –ағымдағы жылдың бір айында ғана 170 бітімгер дайындалды. Бірақ бейбітшілікті сақтау үшін өз өмірін құрбан етуге дайын жауынгерлеріміз ұмытылып қалмай ма?", - деп айтылған депутат сауалында.

"Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында бұл өтінішке жауап алынды. ҚР Қарулы Күштері Бас штабының ақпараты бойынша, ардагерлер ұйымдары көтерген мәселелерді шешу бойынша заң жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Бұдан басқа, "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі, соның ішінде тәжік-ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындаған әскери қызметшілерге "ардагер" мәртебесін беру туралы норма енгізілетін болады.


Көзі: yunews.kz