Петропавлда суррогат алкоголь өндіретін жасырын цех анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда суррогат алкоголь өндіретін жасырын цех анықталды

444

Smiley face

Петропавл қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолдан жасалған алкоголь өнімдерін, атап айтқанда 40 млн.теңгеден астам сомаға жалған белгілері бар арақ пен коньякты сату фактісі анықталды. Бұл жөнінде СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінде айтылды.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, суррогат өндіру бойынша жасырын цехтың орналасқан жері анықталды, онда антисанитарлық жағдайда алкоголь өнімдері краннан ағатын сумен араластырылып, сосын олар пластикалық ыдыстарға құйылған. Цехты тексеру барысында 1 100 литрден астам суррогат тәркіленді.

Сонымен қатар, қойма үй-жайларында Қазақстан Республикасының акциздік маркаларынсыз РФ-да өндірілген  "BONKS" маркалы темекі өнімдерінің 33 қорабы табылды және алынды.

Алынған алкоголь өнімінің жалпы көлемі 22 000-нан астам бірлікті құрайды.

"Осы факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде ел экономикасына нұқсан келтіріп қана қоймай, халықтың өмірі мен денсаулығына теріс әсер ететін қылмыстық іс жойылды", - деп хабарлады СҚО ЭТД.


Көзі: yunews.kz