ҚР АШМ "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР АШМ "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді

444

Smiley face

        Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР АШМ «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ бөлім басшысына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

        Ол жалпы сомасы 2 296 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алу бойынша «Өсімдіктерді бүрку» тауарларды қабылдау актісін кедергісіз қабылдап, қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. 

        Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Көзі: yunews.kz