Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді

444

Smiley face

Ағымдағы жылы 15,1 млн.га астық жиналды, бидай, арпа, жүгері, күріш және басқаларын қоса алғанда, 19,1 млн. тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша астық қабылдау кәсіпорындарында 5,1 млн.тонна астық бар, оның ішінде 350 мың тонна азық-түлік бидайы көлемінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ астығы бар.

Бұдан басқа, азық-түлік корпорациясы 300-350 мың тоннаға дейін астық сатып алатын болады. Өңірлердің кәсіпорындарындағы ай сайынғы ұн қоры 178,0 мың тоннаны құрайды. Осылайша, республикада астық пен ұн қорының жағдайы тұрақты.

Ресми статистиканың деректері бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның орташа республикалық бағасы «Әлеуметтік нан» деп аталатын бөлке үшін 76 теңгені құрайды.  Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz