Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанмен экономикалық байланыстарды кеңейтуге шақырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанмен экономикалық байланыстарды кеңейтуге шақырды

444

Smiley face

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың аға министрі, Ұлттық қауіпсіздік үйлестіруші-министрі Тео Чи Хинді қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сұхбаттасушыны құттықтай отырып, Сенат басшысы Қазақстанның Сингапурмен достық қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын атап өтті.

- Біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, Қазақстанға сингапурлық инвестицияларды тартуға мүдделіміз, - деді Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы.

Сенат Төрағасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың арқасында ашылған шетелдік бизнес үшін мүмкіндіктер туралы айтты.

- Сингапурлық компаниялар Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен ынтымақтастықты кеңейту үшін АХҚО әлеуетін пайдалана алады. Бұл 160 миллион адамнан астам халқы бар жылдам дамып келе жатқан және перспективалы аймақ, - деді Дариға Назарбаева.

Жауап сөзінде Тео Чи Хин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен Қазақстан-Сингапур қарым-қатынастарын дамытудағы орнын ерекше атап өтті.

Ол сондай-ақ ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялаудың маңыздылығын атап айтты.

- Келісім АСЕАН мен ЕАЭО елдері арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді, - деді Сингапурдың аға министрі.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанның көліктік-логистикалық және экспорттық әлеуетін дамыту жоспарлары туралы ақпарат беріп, Сингапурдың Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына қазақстандық компаниялар үшін қақпаға айналуы мүмкін екендігін атап өтті.

Өз тарапынан Тео Чи Хин Сингапурдың Қазақстанмен цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Дариға Назарбаева сингапурлық депутаттарды елмен, оның көрікті жерлерімен және тұрғындарымен жақсы танысу үшін Қазақстанға келуге шақырды. Спикер сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды.


Көзі: Yunews.kz