Жылдың әсерлі комедиясы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жылдың әсерлі комедиясы

444

Smiley face

 

Барлық жастағыларға арналған «МногоДЕДный» шынайы, оптимистік және әлеуметтік комедия елдің барлық кинотеатрларында 2019 жылдың 24 қазанында прокатқа шығады. Қоюшы режиссер - Жеңісхан Момышев. Ол «Бизнес по-казахски» және «Ббизнес по-казахски в Америке» сияқты кассалық фильмдер бойынша көрермендерге танымал.

 Сюжетте бизнесменнің ұлы Дамир деген жас жігіттің өмірін бейнеленген. Ол жеткілікті өмір сүреді, қаладағы ең шулы кештерді ұнатады. Егер университетті тәмамдаған күні Дамир қызыл дипломмен бірге әкесінен қарттар үйінің директоры лауазымын сыйлыққа алмаған болса, де солай жалғаса берер еді.

Дамир директор рөліне кірісуге тырысады, бірақ ол неден бастауды білмей дал болады. Дамирдің әкесі – ашкөз адам! Ол ұлын қарттармен қарым-қатынас жасауға мәжбүрлейді. Дамир барлық игіліктерді, автокөліктерді, ақшаны толық жоғалту қорқынышынан қарттармен байланыс жасауды шешеді.

Бірақ ,Дамирдің шалдармен және апалармен қарым-қатынасы ұзағырақ дамиды, соғұрлым ол көбірек ашылады. Қарт адамдар жас адамды түбегейлі өзгертеді. Ол, ақыр соңында, бұл әлемдегі ең маңызды нәрсе - шулы көп адамдар емес, үлкен және тату отбасы екенін түсінеді.

«Төрт тарих, төрт түрлі тағдыр және бір қорытынды. Бұл фильм жарқын суреттерге толы емес, онда арзан юмор, ойластырылған сюжеттер мен насихат шоғыры жоқ. Бұл әсерлі комедия. Бір шатырдың астында өмір сүретін әр адамның таныс өмірінен жасалған мозаика. Ол қарттық туралы, туған адамдарға қамқорлық, қарапайым отбасылық құндылықтар туралы фильм. Дамир өз махаббатын қалай табатыны туралы туынды», дейді фильмді жасаушылар.

Басты рөлдерде Тұрар Дауылбеков, Қадырбек Демесін, Олжас Сәрсенбаев, Сағат Жылгелдиев, Исбек Әбілмәжінов, Гүлжамал Қазақбаева, Адина Бажан ойнайды.


Көзі: Yunews.kz