11 млн теңге тұратын тауықтың тартылған еті Қазақстанға заңсыз әкелінген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

11 млн теңге тұратын тауықтың тартылған еті Қазақстанға заңсыз әкелінген

444

Smiley face

Нарықта тоғыз жылдан бері жұмыс істемейтін компанияның жүк машинасы әкелген 19 тонна тартылған тауық еті Орал қаласында ұсталды. Белгілі болғандай, тауар кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асыратын жеке тұлғаға тиесілі болған деп хабарлайды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер Комитетінің баспасөз қызметі.

Көлікті Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті қолға түсірді.

Ұсталған жүктің жалпы құны - 10,8 млн. теңге.

Тауықтың тартылған еті ресейлік Самарадан әкелінген және құжаттар бойынша тауарды «Прод-Интерсервис» ЖШС алуға тиіс еді. Алайда, мемлекеттік кіріс департаменті анықтағандай, 9 жыл бойы бұл компания ресми түрде жұмыс істемейді, тиісінше елге әкелінген тауық етіне ешқандай қатысы жоқ.

Жүк көлігі нақты жүк алушы табылғанға дейін арнайы тұраққа жөнелтілді, ал жүргізушіге қарсы құжаттарда дұрыс емес деректер фактісі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Дегенмен, тауардың нағыз иесі табылған. Мемлекеттік кірістер департаменті анықтағандай, тауарды алуға тиіс жеке тұлға Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген.

Әкімшілік сот жеке тұлғаға тиісті тіркеусіз және импортталатын тауарларға салық төлемей кәсіпкерлік қызметі үшін айыппұл салды. Енді оған 1,3 млн теңге мөлшерінде қосымша құн салығын төлеу қажет.


Көзі: Yunews.kz