Шымкентте жолаушы әйел әуе компаниясының қызметкеріне қол жұмсады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкентте жолаушы әйел әуе компаниясының қызметкеріне қол жұмсады

444

Smiley face

Әйел «AirAstana» әуе компаниясының қызметкеріне оның баласын құжатсыз рейске тіркеуден бас тартқаны үшін қол жұмсаған, деп хабарлайды авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмаған балаларды – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәмелетке толған жолаушылардың еріп жүруімен тасымалдау кезінде қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес авиакомпания баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушыны тасымалдауға туыстық немесе заңды құқықты растайтын құжаттарды беруді талап етеді.

«Жолаушы әйел Шымкент әуежайына төрт баласымен және бала күтушімен бірге келді. Нұр-Сұлтан рейсіне тіркелу кезінде кәмелетке толмаған балалардың бірінің туу туралы куәлігі жоқ екені анықталды. Әйел барлық жолаушыларды тіркеуді талап етті. Жолаушыларды тіркеу жөніндегі Агент ұшу үшін тиісті құжат қажет екенін хабарлады.  Әйел қорлаған дөрекі түрде агенттен балаға арналған отырғызу талонын беруді талап етуді жалғастырды», - деп хабарлады AirAstana баспасөз қызметі.

Анасы балаларды багаж лентасына апарып, дау-дамайды жалғастырған, одан кейін екі рет әуе компаниясының қызметкерін ұрған. Содан кейін әйелді қауіпсіздік қызметкерлері алып кеткен. Сондай-ақ, агент құқық қорғау органдарына жолаушының тарапынан физикалық зиян келтіру туралы арызданған.

«Авиакомпания өз қызметкерінің әрекетін қолдайды. Біз авиакомпания қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауға құқығы бар деп санаймыз, олар физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырауға тиісті емес. Бұл әуе кемесінің бортында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау үшін қажет», - деп хабарлады авиакомпания.

Әуе компанияның зардап шеккен қызметкері төрт кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана екені белгілі болды.


Көзі: Yunews.kz