Қазақстандық дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдісі үшін еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдісі үшін еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасады

444

Smiley face

Онкоаурулармен күрес саласындағы жетекшілердің жаһандық Саммиті аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен  Мерк Биофарма және "Ацино" фирмасының өкілдері арасында  ұзақ мерзімді үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Меморандум денсаулық сақтау мамандарын оқытуға, диагностиканың соңғы  тәсілдерін қолдану, сондай-ақ пациенттердің заманауи және оңтайлы емдеу тәсілдеріне қол жеткізуін жеңілдетуге  бағытталған.

Меморандум аясында жаңа түзілімдерді диагностикалау мен емдеудің халықаралық және ұлттық стандарттарын қамтамасыз ету және сақтау, жоғары тиімді ерте диагностика және онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу есебінен онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру жоспарлануда.

«Қазақстанда жыл сайын онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар саны артып отыр. 2018 жылы 36,5 мыңнан астам жағдай анықталды. Қазақстан обыр ауруына шалдыққандар саны бойныша  50 елдің қатарына кіреді. Сондықтан да кадрлық әлеуетті дамыту және онкологияға қатысты өзекті мәселелердің  жаңа  шешімдерін іздеу - біз үшін маңызды. Мысалы, денсаулық сақтау мамандарына диагностика, емдеу және аурудың алдын алу бойынша білімі мен дағдыларын арттыру мақсатында ақпарат, дәрігерлердің зерттеу нәтижелерін беру керек, - деді ҚР ДСМ басшысы. Бірінші кезекте бұл үлкен жауапкершілік артылған бастапқы буын дәрігерлеріне қатысты.

 Мерк Биофарма компаниясының басшысы  Роджер  Элиа болса, компания ұзақ мерзімді негізде онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдайтынын айтты.

«Келісімнің  шарттарына сәйкес, тараптар ғылыми қоғамдастықты, жаңа проблемалармен айналысатын денсаулық сақтау мамандарын және осы патологиядан зардап шегетін пациенттерді біріктіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Болашақта ынтымақтастық тек онкология саласына ғана емес, сондай-ақ іргелі және клиникалық медицинаның басқа бағыттарында да дамиды, - деді ол.

 Smiley face


Көзі: yunews.kz