Қызылорда көлік аймағында 1400-ден астам теміржолшылардың құқықтары қорғалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда көлік аймағында 1400-ден астам теміржолшылардың құқықтары қорғалды

444

Smiley face

Қызылорда көлік прокуратурасымен қадағалауды жүзеге асыру барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның Қызылорда бөлімшесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығы анықталды.

Еңбек заңнамасының және ұжымдық келісім-шарттың талаптарына қарамастан мыңнан астам жұмысшы арнайы киімдермен толықтай қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ төрт жүзден астам жұмысшыға ашық ауада жұмыс істегені үшін жалақыларына қосымша ақы төлеленбеген (+35С градустан жоғары).     

Прокуратурамен қабылданған шаралар нәтижесінде жұмысшылардың құқықтары толығымен қалпына келтіріліп, арнайы киімдер беріліп, төлем ақылар толық мөлшерде аударылды. Сондай-ақ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-на қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 97 бабы 3 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 млн. теңге айыппұл салынды (400 АЕК).        


Көзі: yunews.kz