Кімге қоян керек? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кімге қоян керек?

444

Smiley face

Түркістан облысында полиция қызметкерлері қоян атып алған  үш браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Созақ ауданының үш тұрғыны браконьерлік жолмен қояндардың ұшасын олжалады. "Жайық" мотоциклін және прожекторды пайдалана отырып, браконьерлер аңшы мылтығының көмегімен жабайы қояндарға заңсыз аңшылық жасады. Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілерден полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде аңшы мылтығын, 19 патрон және қояндардың үш ұшасын тәркіледі.

Аталған факті Созақ АПБ СДТБТ-не ҚР ҚК 337-бабы "Заңсыз аң аулау" бойынша тіркелді. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындады. Олар қолхатпен босатылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz