Қазақстандық ұлан әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпион атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық ұлан әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпион атанды

444

Smiley face

Костромада 66-шы Спартакиада аясында әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық чемпионат өтті, деп хабарлады  Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Кеңес Одағының Маршалы С. К. Тимошенко атындағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс Әскери академиясының базасында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері ең үздік жауынгерлер армиялық қоян-қолтық ұрыста өз қабілеттерін көрсетті.

Чемпионат халықаралық мәртебеге ие болды, өйткені оған әр мемлекеттен 10 команда қатысты. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының өкілдері әскери академияның курсанттары өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша арнайы факультет командалары арасында 5-ші курс курсанты кіші сержант Мадияр Жанарбекұлы көзге түсті. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлан чемпион атанды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz