Түркістан облысында АГҚС-да қарақшылық тонау жасалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында АГҚС-да қарақшылық тонау жасалды

444

Smiley face

Түнде шамамен сағат 03:30-да Жетісу ОПБ-на ауданда орналасқан газ құятын стансаның бірінен оператор қоңырау шалған. Ер адам оған белгісіз тұлғалар шабуыл жасап, қалтасынан ақша алып кеткенін хабарлады. Аталған факт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша Жетісу ПБ СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 30 мың теңгені құрады.

"Арыз түскеннен кейін аудандық полицейлер жедел іс-шараларға кірісіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел уәкілдер оқиға орнына тексеру жүргізіп, аудан тұрғындары мен куәгерлерді сұрастырып, басқа да қажетті іс-шаралар қабылдады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері Жетісай қаласының екі тұрғынын құрықтады. Ұсталғандардың бірі 2011 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған», - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, АГҚС қызметкерлерінің бірі ақшаға мұқтаж болған күдіктілердің бірінің туысы болып шықты. Күдікті мас күйінде қарызды қайтармақшы болған және сыбайласымен бірге газ құю станциясына келді. Алайда, туысын таба алмай, олар сол күні жұмыс істеген басқа операторға шабуыл жасаған. Оны ұрып, күшпен ақшасын алып кеткен. Осы соманың жартысын полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді.

 


Көзі: yunews.kz