Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін соталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін соталды

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. С. Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ. Т. Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.

 


Көзі: yunews.kz