Тұрғын үйдің болмауы және жұмыссыздық салдарынан Жаңаөзен тұрғындары қоныс аударуға мәжбүр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тұрғын үйдің болмауы және жұмыссыздық салдарынан Жаңаөзен тұрғындары қоныс аударуға мәжбүр

444

Smiley face

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров қала тұрғындарын Ақтау мен елдің солтүстік аймақтарына көшіру себептерін атады. Қала басшысының айтуынша, Жаңаөзен шамадан тыс қоныстанған, сондықтан тұрғын үй жетіспейді және жаңа жұмыс орындары жоқ.

 «Ақтауда жақын арада инновациялық даму бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылады, тиісінше жаңа жұмыс орындары ашылады. 2012 жылы Жаңаөзеннің бас жоспары әзірленгенде, біз 2025 жылға қарай халықтың саны 150 мың адамға жетеді деп күткен болатынбыз, бірақ біз бес жылдан кейін-ақ  осындай санға қол жеткіздік. Сондықтан қаланы одан әрі ұлғайтудың экономикалық және әлеуметтік мәні жоқ.  Көшкісі келетіндердің барлығына біз тек тұрғын үй беріп қана қоймай, сонымен қатар жұмыспен, балабақшалар мен мектептерде орындармен, сондай-ақ барлық қажетті әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етеміз.  Тұрғын үй жалға берілетін болады. Қазіргі уақытта 250-ден астам отбасы тұратын жерін ауыстыруға ниет білдірді", - деді Мақсат Ибағаров.

Пәтер сатып алуды "Өзенмұнайгаз"АҚ қаржыландырады. Қыркүйек айында "Жарылқау" қоры, Жаңаөзен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және "Каспий" ӘКК 541 млн.теңге сомаға 70 пәтер сатып алуға келісім-шарт жасасты. Қазір пәтерлерді Ақтау ТКШ қалалық бөліміне қабылдау-тапсыру актісі дайындалды.  Қалған 50 пәтерді ағымдағы жылдың қараша айында сатып алу жоспарланған. 

Мақсат Ибагаровтың айтуынша, тағы 256 млн теңге Ақтау қаласындағы жатақханада тұруға және солтүстік өңірлерге қоныс аударатын отбасыларға қосымша төлем жасауға қарастырылған. Ол үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ "Жарылқау" қорына 22 млн теңге аударды. Алайда, қаражат игерілмеген, себебі тұрғындар Ақтау қаласына және елдің солтүстік өңірлеріне көшуден бас тартуда.


Көзі: yunews.kz