Қазақстанда электрондық денсаулық паспорттары іске қосылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда электрондық денсаулық паспорттары іске қосылды

444

Smiley face

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүйеге көшіру аясында денсаулық сақтау ұйымдарында пациент туралы ақпаратты жинау, сақтау және алмасу үшін электрондық денсаулық паспортын енгізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев және Денсаулық сақтау министрлігінің  цифрландыру департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев хабарлады.

Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі принципінің бірі «пациентке жағдай жасау» болып табылады, оны іске асыру үшін ақпараттандыру және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау платформасында (бұдан әрі – интеграциялық Платформа) ұлттық деңгейдегі «электрондық денсаулық паспорты» компоненті (бұдан әрі – ЭДП) көзделген.

ЭДП бар пациент жайлы ақпарат интеграциялық платформаның құрамына кіретін ЭДП бірыңғай орталық репозиториясында сақталады және медицина қызметкерлеріне де (пациенттің келісімі бойынша), сондай-ақ пациенттерге де қолжетімді болады.

"Әрбір азамат қызметті алғысы келетінін кез-келген емхананы оның жеке немесе мемлекеттік екеніне қарамастан  таңдай алады",- деп атап өтті вице-министр.

Осылайша, ұлттық ЭДП-да әрбір пациент бойынша медико-санитариялық алғашқы көмектің қандай ұйымдарына тіркелгеніне және елдің қандай медициналық мекемелерінде медициналық қызмет алғанына қарамастан барлық жергілікті ЭДП-дан ақпарат шоғырландырылатын болады.

Бүгінде барлық қызметтер министрлік «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп әзірлеген eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Яғни, қазір ҚР азаматтары қызметтерді ЭЦҚ көмегімен ғана емес, сонымен қатар ЭЦҚ-сыз да  мобильдік қосымшаларды қолдана алады.

"Электрондық паспорт Egov порталы базасында әр пайдаланушының жеке кабинетінде жұмыс істейді. Бұл деректер қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді О. Әбішев.

Сонымен қатар, спикер "Электрондық денсаулық паспорты" жобасына бір де бір теңге жұмсалмағанын, бұл жоба бірлескен жұмыс негізінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық денсаулық паспорты Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүйеге көшіру бөлігінде құрылған.


Көзі: yunews.kz