Саңырауқұлақ теруге шыққан әйелдің мәйіті табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Саңырауқұлақ теруге шыққан әйелдің мәйіті табылды

444

Smiley face

Қостанай облысы ПД фотосы

Оқиға 13 қазан күні болған. Ер адам полицияға жүгініп, 47 жастағы қызының жоғалып кеткенін айтқан. Келесі күні қалалық полицияның кезекші бөліміне орман алқабынан бір әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына  жедел тергеу тобы жұмылдырылып, медициналық-сауықтыру орталығы аумағындағы бұталардың арасынан зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды.

«Қылмысты ашу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Полиция жәбірленушінің таныстарынан жауап алып, қажетті жедел іс-әрекеттерін жүргізді. Нәтижесінде кісі өліміне жәбірленушінің досы мен оның жұбайының кінәлі екені анықталды», - деді Рудный қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Әліманов.

Іс деректерінде көрсетілгендей, үшеуі саңырауқұлақты теруге шыққан. Олар орман алқабында ішімдік ішкен. Ер адам жұбайының кеткенін пайдаланып, 47 жастағы әйелге пышақ жұмсаған. Жәбірленуші дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті көз жұмған әйелдің киімдерін өртеп, бағалы заттарын өзімен алып кеткен. Әйел қайтып келгенде, не болғанын көрген, бірақ полицияға хабарламады.  Қазіргі уақытта әйелге қатысты жасалған аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні Мендіқара ауданы Володаровка ауылынан ұстады. Ол 25 жаста.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Smiley faceҚостанай облысы ПД фотосы


Көзі: yunews.kz