Қостанай облысының полицейлері дронның көмегімен жоғалып кеткен малды тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысының полицейлері дронның көмегімен жоғалып кеткен малды тапты

444

Smiley faceФото Қостанай облысы ДП

Қостанай облысының полицейлері жаңа жұмыс әдісін енгізді. Тәртіп сақшылары ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен қой ұрлығын ашты, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Жаңа технологиялар қылмыстарды ашу процесіне енгізілуде. Жақында Қостанай облысының полиция департаментінде дрон пайда болды.

Қымбат, құны 32 млн теңгеге жуық, бірақ тиімді", - деп атап өтті криминалдық полиция бастығы подполковник Мейрам Базарбаев.

Дрон із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуде, сондай-ақ басқа да қылмыстарды ашу үшін қолданылады. Алғашқы нәтижелердің бірі  күттірмеді. Полицияға Дружба кентінің тұрғыны 60 бас қойдың жоғалғаны туралы арызданған.  Бұл факті ұрлық ретінде тіркелді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Құлыпты сындыру іздері немесе қоршаудың зақымдануы анықталған жоқ. Малдың айдап әкетілгені түсінікті болды.

Жұмыстың тиімділігі үшін дронды пайдалану туралы шешім қабылданды. Бір тәуліктен кейін отар Дружба ауылынан 25 шақырым жерде тауып, иесіне қайтарылды.

"Мұндай іздестірулер адам және материалдық ресурстарды – бензин, автомашинаның амортизациясын үнемдейді. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде 212 мал ұрлығы тіркелген, оның 140 факті  мал еркін жайылымнан жоғалып кеткен. Жаңа технологиялар бізге қылмысты тез және тиімді ашуға көмектеседі. Бұл жағдайда біз оны алғаш рет пайдаландық", - деп атап өтті криминалдық полицияның аға жедел уәкілі майор Ерлан Шәріпов.

Ол енді мұндай қылмыстардың ашылуы жоғары болатынына сенімді, алайда  бұл мал иелері малдың  сақталуы және чиптеу мен таңбалауды қолдануы үшін жауапкершілігі болмайды деген сөз емес.


Көзі: yunews.kz