Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында алтын иеленді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында алтын иеленді

444

Smiley face

14, 16, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында шахматтан әлем чемпионаты 2-13 қазан аралығында үнділік Мумбаи қаласында өтті. Оған әлемнің 65 елінен 500-ге жуық мықты шахматшылар қатысты. Қазақстан құрамасы бұрын Қазақстан чемпионатында өздерінің жас топтарында жүлделі орындарға ие болған тоғыз спортшыдан құралды. Шахматшылар үшін Үндістанға сапар "Қазақстан шахмат федерациясы" РҚБ мен Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының арқасында мүмкін болды.

Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында біздің құраманың қоржынына елордалық шахматшы Меруерт Камалиденова алтын салды. 16 жасқа дейінгі санаттағы күміс медаль - Қызылордадан келген Назерке Нұрғалиға тиесілі.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Үндістанға ғана жол беріп, үшінші орынды иеленді. 18 жасқа дейінгі әйелдер санатында үздік бестікке қызылордалық Әсел Серікбай кірді. Бірінші 20-ға сондай-ақ Аманжол Сұлтан (14 жасқа дейін), Лия Құрманғалиева (14 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (16 жасқа дейін), Әсел Лесбекова (16 жасқа дейін), Рамазан Жалмаханов (18 жасқа дейін) енді.


Көзі: yunews.kz