Маңғыстау облысында балабақшадағы қазандық қабырғасы құлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында балабақшадағы қазандық қабырғасы құлап кетті

444

Smiley face

Оқиға 15 қазан күні кешке Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы жекеменшік балабақша аумағында орын алды. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазандықта бу-ауа қоспасының жарылысы болған.

«Жарылыстың салдарынан қазандықтың қабырғасы мен шатыры ішінара құлады. Оқиға кезінде балабақшада ешкім болған жоқ, сондықтан ешкім зардап шеккен жоқ»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бу-ауа қоспасының жарылысының себептері анықталуда.


Көзі: Yunews.kz