ҚР Қорғаныс министрлігі: С. Кошелев гранатаны рұқсатсыз алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР Қорғаныс министрлігі: С. Кошелев гранатаны рұқсатсыз алған

444

Smiley face

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметші Сергей Кошелевпен болған жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«2018 жылдың 17 шілдесінде «Бекет-Ата» оқу полигонында жеке құраммен арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Байланысшы, мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер С. Кошелев №3 оқу орнында байланысшылардың жабдықталуын көрсету үшін оқу-жаттығуларға тартылды. Ешқандай жауынгерлік міндеттер орындалмауы керек еді. Сабаққа дайындық жүргізу кезінде С. Кошелев өз еркімен, қандай да бір командасыз, бірақ әрбір әскери қызметші бірінші күннен бастап бұйрықсыз ешқандай іс-әрекет қабылданбайтынын біле тұра, басқа оқу орнында салынған оқ-дәрілерге келіп, өз бетімен Ф1 гранатасын алған. Ол «Тадиран» радиостанциясына гранатаны лақтырды. Қызметтестердің айтуы бойынша           С. Кошелев граната жауынгерлік болып табылатындығы туралы ескертілген, - деп хабарлады ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов.

Ведомствода атап өткендей, граната жарылысы фактісі бойынша автоматты түрде қылмыстық іс қозғалды. ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы тергеу іс-шараларын жүргізуде. ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының сұратуы бойынша әскери бөлім келтірілген залалды бағалауды жүргізді. Зиянды өтеу туралы талап қою мәселесі Қорғаныс министрлігінің құзыретіне кірмейді, мұны сот шешеді.

«Сондай-ақ, 2019 жылдың 23 шілдесінде түрлі деңгейдегі жауапты командирлердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарулы күштер ішкі қызметінің Жарғысын бұзу фактілеріне қосымша тексеру жүргізіледі. Бұл жағдайда әскери қызметшілердің іс - әрекетін объективті бағалау одан әрі осындай жағдайларға жол бермеу үшін қажет», - деп толықтырды ведомство.


Көзі: Yunews.kz