Нан күні - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нан күні

444

Smiley face

16 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Нан күні» атап өтілді. Бұл күн ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен бекітілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Марат Оразаев құттықтау сөз сөйлеп, нан комбинатының еңбеккерлерін марапаттады.

Жыл сайын республиканың наубайханаларында 700-720 мың тонна нан өндіріледі. Бұл өз өндірісі есебінен елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі (1 556,4 млрд.теңге) 14,6% (224,9 млрд. теңге) құрайды.

Smiley face

Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер экспортының көлемі 11,7 мың тоннаны, импорт - 75,7 мың тоннаны құрады. Жалпы, 2018 жылы 800,8 мың тонна нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер тұтынылды, импорт үлесі – ішкі тұтынудың жалпы көлемінің 9,4% құрайды.

Нан өндірушілер халықтың нанға деген сұранысын қанағаттандырумен ғана емес, сондай-ақ нарықта сұраныстың болуына байланысты шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтумен де белсенді жұмыс істейді. Бұл негізінен нан-тоқаш, ұзақ уақыт сақталатын нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz