Қылмыстық айыппұл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қылмыстық айыппұл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

444

Smiley face

Темір жол ұйымының бұрынғы басшысы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2017 жылы жұмысқа орналастыру мәселесін шешем деп елеулі көлемде пара алғаны үшін 42 млн теңгеге айыппұл жазасына сотталған болатын.

Сотпен орындалу мерзімі кейінге қалдырылған. Біршама уақыт берілгеніне қарамстан, сот үкімі осы күнге дейін орындалмағаны көлік прокурорларымен анықталды.

Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісі бойынша сотталушыға тағайындалған қылмыстық айыппұл 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Жалпы, ағымдағы жылы көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін сотталғандардың сот үкімін орындамағаны үшін 31 млн теңгеден астам сомадағы қылмыстық айыппұлдар басқа қатаң жаза түрлеріне ауыстырылған.


Көзі: yunews.kz