Буркина-Фасо обырға қарсы күресте Қазақстанның тәжірибесін үйренуге дайын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Буркина-Фасо обырға қарсы күресте Қазақстанның тәжірибесін үйренуге дайын

444

Smiley face

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Буркина-Фасоның бірінші ханымы Аджови Сика Каборемен кездесті. Кездесу Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммитінің аясында болды.

Сенат Төрағасы кездесу барысында Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Д.Назарбаеваның айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділікті ұлғайту, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, кадрлық ресурстарды дамыту, онкология саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің кешенді жоспары бекітілген болатын.

Аджови Сика Каборе өз кезегінде азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бірінші ханым онкологиялық ауруларға қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесін үйренуге әзірліктерін білдірді.


Көзі: yunews.kz