Елорда тұрғыны алты адамды 3 млн теңгеден астам ақшаға алдап кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорда тұрғыны алты адамды 3 млн теңгеден астам ақшаға алдап кеткен

444

Smiley face

Бір жыл бойы, 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін, елорда тұрғыны хабарландырулар сайтында жер учаскелерін сату туралы көрінеу жалған ақпарат жариялаған.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қ. сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласының тұрғындары жер учаскесін меншікке сатып алуға ниет білдірген, олар алдау туралы күдіктенбей, оған ақша қаражатын берген.

2019 жылдың ақпан айында азамат К. «Instagram» сервисінде науқас баланы емдеу үшін ақшалай қаражат жинау туралы хабарландыруды көріп, баланың анасына жүгінген, және өзін тұрғын үй комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, әйелге оның ұлын емдеуге көмек көрсетуді ұсынған. Ол әйелге жер учаскесін қайта рәсімдеуді ұсынып, кейіннен оны табысты бағамен сатуға болады және ұлының еміне ақы төлей аласың деп сендірген.  Ұлын қалайда емдетемін деп жүрген әйел бұған алданып, келісім берген, және өзінің танысы арқылы К.-ға  400 000 теңге береді.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы сот үкімімен жәбірленушілердің пайдасына материалдық зиянды өтеу есебіне 3 миллион теңгеден астам сома өндірілді.


Көзі: yunews.kz