«Автоледи» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Автоледи»

444

Smiley faceФото Павлодар ПД

Павлодар қаласының 25 жасар тұрғыны бір тиын да жұмсамастан  өз автокөлігін қазіргі заманғы техникамен жабдықтамақшы болған. Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Назарбаев даңғылындағы тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің бірінде қызға бір автокөлік жабдығы ұнаған. Мүдделі сатып алушы сияқты  сипат жасай отырып, ол витринаға қойылған тауарды қараған, сәті түскенде  витринадан "Neoline" маркалы бейнетіркегішті ұрлап кеткен.

Бірнеше күннен кейін облыс тұрғыны осы сауда орталығында ұқсас тәсілмен витринадан "Neoline X Cop 9100" маркалы бейнетіркегішін ұрлаған.

Автоледи мұнымен  тоқтап қалған жоқ. Бір аптадан кейін осы сауда үйінде аталмыш қыз  оның іс-әрекеттерін ешкім байқамайтына көз жеткізіп, "Starlinе А93 ECO" автокөлік дабылын ұрлап алған.  Павлодар қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, ұстады.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматша қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.


Көзі: yunews.kz