Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды келтірілген экологиялық зардапты жоюға заң бойынша міндеттейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды келтірілген экологиялық зардапты жоюға заң бойынша міндеттейді

444

Smiley face

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жаңа Экологиялық кодекстің негізі қосымшалары туралы баяндады.

Ол жаңа Экологиялық кодекс жобасын ағымдағы жылғы желтоқсанда Парламент қарауына енгізу жоспарланып отырғанын еске салды.

Оның айтуынша, құжатты дайындау кезінде халықаралық экологиялық реттеу тәжірибесі, бейіндік Қауымдастықтардың, халықтың пікірі мен ұсыныстары есепке алынды.

Жобадағы норманың бірі – «заңбұзушы жояды» міндетті қағидатының енгізілуі.

«Яғни, заң бұзушының экологиялық зардапты табиғи түрде жоюы, қайталанғаны үшін қызметін тоқтатуға дейінгі жауапкершілігі, жобалау компанияларының жауапкершілігі міндеттемесі енгізіледі», - деді А.Пірімқұлов баспасөз конференциясында.

Экологиялық кодексті жетілдірудегі басты бағыттың бірі – «ластаушы төлейді» экологиялық қағидатын іске асыру.

«Бұл бағыт толықтай экологиялық реттеуден бас тартуды қарастырады. Толып жатқан табиғатты пайдаланушыны тәртіпке шақырмай-ақ, тек ірі ластаушы кәсіпорындарға көңіл бөлу қажет. Бұл ретте осы ірі кәсіпорындардың бәрін есепке алу үшін бұл санаттағылардың дәл санын анықтау қажет», - деді вице-министр. 

Қолданыстағы Экологиялық кодекс бойынша, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау рәсімдерінен өту туралы талап түгелдей дерлік, қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне қарамастан, барлық кәсіпорындарға қолданылып жүр. Мұндай әдістің тиімділігі төмен және орынсыз деп есептеледі.

«Сондықтан жаңа Экологиялық кодексте мұндай талапты тек «Бірінші санаттағыларға» қатысты ғана қолдану ұсынылуда, осылайша, шын мәніндегі экологиялық қауіпті нысандарға ғана назар аударылады», - деді ол.

«Бірінші санаттағы» компаниялар сондай-ақ өндіріске зиянды заттар шығарындыларын төмендететін «ең озық қолжетімді технологияларды» енгізуге тиіс.

Құжаттың жаңа жобасында таза технологияға көшуге шақыру мақсатымен I санаттағы кәсіпорындардың ластаушы заттар эмиссиясы үшін төлемақы мөлшерлемесін едәуір және прогрессивтік көтеру ұсынылып отыр.

«Жаңа Экологиялық кодекс жобасы халықаралық экологиялық келісімдермен сәйкестікте болады. «Жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық саясаттың жаңа бағытының басты мақсаты – халықтың экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, энергияның баламалы көзін дамыту, Қазақстанның су және жер ресурстарының сапасын арттыру, жұтатын ауаны жақсарту, қалдықсыз экономиканы дамыту және билогиялық әралуандықты сақтау», - деді вице-министр.     


Көзі: yunews.kz