Өскемендік бизнесвумен өзін тонамақ болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемендік бизнесвумен өзін тонамақ болды

444

Smiley face

 Жақында Өскемен қаласының полиция басқармасына 30 жастағы жеке кәсіпкер әйел өтініш берген. Әйел белгісіз ер адам оны ұрып, 3 300 000 теңге тұратын сөмкесін ұрлап кеткенін айтқан.

«Жеке құрам дабыл бойынша көтерілді, қысқа мерзімде «оқиға орнын» қоршап, күдіктілерді іздеу басталды. Алайда, тергеу іс-әрекеті барысында ол ақша қаражатын күйеуіне бергені анықталды. Содан кейін полицияға өзінің іскерлік серіктестерімен есептеспеу үшін жалған тонау фактісі бойынша өтініш берген»,  деп хабарлады Өскемен қаласы ІІД баспасөз қызметінде.

Осы факті бойынша арызданушыға, атап айтқанда жеке кәсіпкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы (Көрінеу жалған хабар жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: Yunews.kz