Балқашта жаңа үйлер салынады және инфрақұрылым жақсарады деп күтілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Балқашта жаңа үйлер салынады және инфрақұрылым жақсарады деп күтілуде

444

Smiley face

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Балқаш қаласына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы қаланың жылу беру маусымына дайындығын тексеріп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты және қала активімен кездесті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу Қонырат кентінен басталды, онда Жеңіс Қасымбек қазандықтың жай-күйімен жақын танысты. Қазандық 1968 жылы салынған. Бұрын «Қазақмыс» ведомствосында болған, 2013 жылы оны қалаға тапсырды. Қазір жабдықтар мен қазандықтар 85% тозған.

«Проблемаларды шешу үшін біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледік, қазір қаржыландыру мәселесі шешілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 5.3 млрд теңгені құрайды, жобаны іске асыру мерзімі 10 ай»,-деді Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айрат Қарамұрзин.

Қазандықты қайта құру жобасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, екі жыл ішінде бұл мәселе шешілуі тиіс.

Сондай-ақ, облыс басшысы Балқаш ЖЭО-да болды. Бұл ескі нысандардың бірі - 1938 жылы салынған. Станция жылыту маусымына дайындық төлқұжатын алды. Оның қуаты 460 гкал. Жылу кестеге сәйкес беріледі.

Балқаштықтардыжылумен қамтамасыз етуден бөлек, Жеңіс Қасымбекті қалада тұрғын үй салу мәселесі қызықтырды. Облыс әкімі Балқаш қаласында тұрғын үй кезегінде 1300 адам тұрғанын және қоныс тойын ТҚЖБ-ның 5000 салымшысы күтіп тұрғанын ескере отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды. Аймақ басшысына соңғы жылдары 10 үй салынған «Самал» шағын ауданын көрсетті. Биыл тағы бір 45 пәтерлі көпқабатты үй тұрғызыла бастады. Бұл жалға берілетін тұрғын үй болады. 2020 жылы тағы үш үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалына барды. Онда осы жазда 2000-ға жуық балалар демалды.

«Негізінен еліміздің солтүстік облыстарынан - Ақмола, Павлодар облыстарынан, Петропавлдан, сондай-ақ ШҚО-дан балалар келеді. Бізде ваннаның бірнеше түрі, балшық, бассейн және оттегі коктейльдері бар. Біз 30-дан астам емдеу түрлерін ұсынамыз. Жазда орталықта көл суы пайдаланылады, ал қысқы уақытта балалар бассейнге барады. Өткен маусымда біз 2080 шара өткіздік», - деді орталық директорының орынбасары Гүлайман Қожаева.


Көзі: Yunews.kz