«Самұрық-Қазына» Түркістан облысын газдандыруды қаржыландырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Самұрық-Қазына» Түркістан облысын газдандыруды қаржыландырады

444

Smiley face

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ"АҚ Жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Меморандумға Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешенін, электрондық сауда мен пошта желісін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Smart City (Ақылды қала) және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді.

Smiley face

Smart City Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы жоба аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін, радиожелілерді салуды және 400 бұлтты бейнебақылау камераларын ұйымдастыруды, сондай-ақ 12 мектеп, 2 аурухана, Арыс қаласындағы 2 балабақша сияқты әлеуметтік нысандарда WiFi 50 нүктесін салуды қамтамасыз етеді.


Көзі: Yunews.kz