Алматыда есірткі пайдаланған автобус жүргізушісі ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда есірткі пайдаланған автобус жүргізушісі ұсталды

444

Smiley face

103 бағыттағы автобустың жүргізушісін Алатау аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері «Шаңырақ» шағын ауданында, Өтемісұлы көшесінде ұстады, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Жүргізуші  С., 1976 жылы туған азамат, құжаттарды тексеру жүргізген сәттен бастап өзін оғаш ұстаған. Инспекторлар оны медициналық куәландырудан өткізуге шешім қабылдады. Сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, С. «Каннабиноид» есірткісін қолданудан туындаған есірткілік мас күйінде болған. Жүргізуші марихуананы бірнеше күн бұрын шеккенін айтып, бұл фактіні жоққа шығармады.  Бұл жерде автопарк әкімшілігі есірткіге мас адамды жолаушылар тасымалына қалай жібергенн деген мәселе туындайды. Бұл жүздеген жолаушыға да, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға да үлкен қауіп төндіретін масқара жағдай, - деп атап өтті Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Аманбек.

Ол жүргізуші автобусты басқарудан шеттетілгенін атап өтті. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның материалдары жақында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетін болады.


Көзі: Yunews.kz