Тірі тауарлар - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тірі тауарлар

444

Smiley face

 Ресейдің Орынбор қаласының аумағында тірі тасбақаларға толы гараж табылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері санақ жүргізіп, гараждан 4 мың тасбақа тапты. Іс материалдары бойынша, оларды Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкелген.

Бұл туралы РФ Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады. Маманның айтуынша, тасбақалар Ресей полициясы мен Қазақстан құқық қорғаушыларының бірлескен күшімен табылған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тірі тауар контрабандасын ұйымдастырған ер адам мен әйелді ұстады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Егер сотта күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға 1 млн рубль немесе 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейінгі нақты мерзімге сотталады.

Сот күдіктілердің екеуіне де бұлтартпау шарасын санкциялады. Осылайша, әйел қамауға алынды, ал ер адам үй қамауында.

Тірі тауарлар уақытша Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің ветеринарлық факультетінің ғимаратына орналастырылды.


Көзі: Yunews.kz