Қазақстандық жасөспірімдер бокстан Азия чемпионатында сегіз медаль алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық жасөспірімдер бокстан Азия чемпионатында сегіз медаль алды

444

Smiley face

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер командасы БАӘ-де бокстан Азия чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Олардың ішінде төрт алтын медаль бар. Финалда Абубакир Мурадовты (Тәжікстан) жеңген Руслан Күзеубаев (52 келіге дейін) тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. 57 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Ермек Билолбек Ихволовтан (Өзбекстан) басым түсіп, екінші алтын медаль алды.

60 келіге дейінгі салмақта бірінші сатыға Абзал Серік көтерілді. Финалда ол Бекзод Бекмурадовты (Өзбекстан) жеңді. Ақырында, төртінші алтынды Сұлтан Бабаханов иеленді. 66 келіге дейінгі салмақ санатында ол үндістандық Джейдип Раватты жеңді. Чемпионаттың күміс жүлдегерлері Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг дейін) және Абдулла Патиев (50 кг дейін) болды.

Қола медаль Роман Дияр (80 килограмнан астам) мен Мәди Әміровке (80 килограмға дейін) бұйырды.


Көзі: Yunews.kz