Францияда 11 қыркүйек стиліндегі лаңкестіктің алдын алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Францияда 11 қыркүйек стиліндегі лаңкестіктің алдын алды

444

Smiley face

Француз құқық қорғаушылары 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл жасау стиліндегі теракт дайындауға қатысты күдіктіні тұтқындады, деп хабарлайды РИА Новости.

ІІМ министрі Кристоф Кастанердің айтуынша, 11 қыркүйекте шабыттанып, ұшақты айдап әкетуді жоспарлаған күдікті қамауға алынған. Кастанер бұл қамауға алу 2013 жылдан бастап Францияда 60-шы лаңкестік шабуылға оқталу екенін атап өтті. Полицияның хабарлауынша, Париждің О-де-Сен департаментінде тұратын 30 жастағы азамат осындай қылмыс жасауға оқталған.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер айдап кеткен екі жолаушылар ұшағы Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасына соғылып, оларды толығымен қиратты. Террористер басқаратын тағы бір ұшақ Вашингтондағы Қорғаныс министрлігінің ғимаратының батыс қанатына соғылды. Төртінші жолаушылар лайнері, сондай-ақ террористер айдап кеткен, Питтсбург қаласының (Пенсильвания штаты) жанында құлаған. Ресми мәліметтер бойынша, Нью-Йоркте 2749 адам, Вашингтонда - 189 адам, Пенсильванияда - 44 адам қаза тапты.


Көзі: Yunews.kz