Қазақстандық самбошы әлем чемпионатында «қола» жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық самбошы әлем чемпионатында «қола» жеңіп алды

444

Smiley faceФото: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

45 елдің өкілдері қатысқан жастар чемпионатында Валерия Аксенова қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ташкентте (Өзбекстан) самбо күресінен әлем чемпионаты өтті. Медальдер екі жас тобында – жастар мен жасөспірімдер арасында ойнатылды. Жарысқа әлемнің 45 елінен 500-ге жуық спортшы қатысты.

Ақмола облысының спортшысы Валерия Аксенова 75+ салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

 


Көзі: yunews.kz