Алма ағашына балта шапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алма ағашына балта шапты

444

Smiley face

Алматы қаласының полиция департаментінде, азаматша Ж.О.Рымбаеваның арызы қазіргі таңда оңтүстік астананың ПД Тергеу басқармасында тексерілуде екенін айтты. "Ол ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның күшімен істің объективті мән-жайын анықтауға, құқыққа қарсы әрекетке қатысты тұлғаларды анықтауға, оларды ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Қоршаған ортаға, сондай-ақ жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды анықтау үшін сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Аталған қылмыстық істің тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің, қалалық Полиция департаменті басшылығының, сондай-ақ Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.


Көзі: yunews.kz