Қазақстан және Ресейдің әскери полиция өкілдері әскердегі құқықтық тәртіп сұрақтарын талқылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан және Ресейдің әскери полиция өкілдері әскердегі құқықтық тәртіп сұрақтарын талқылады

444

Smiley face

Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери полиция Бас басқармасының делегациясы Алматы гарнизонының әскери полиция жасағында болды. Екі жақты кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы полковник Бауыржан Лекеров және РФ ҚМ әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары генерал-майор Виталий Кох бастаған делегация құқық қолдану саласындағы және әскерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыланды. Сапардың бірінші күні ресейлік делегация мүшелері Алматы өңірлік гарнизонының әскери полициясы жасағының қызметтік іс-әрекетімен, әскери автомобиль полициясы бөлімшелерінің, патрульдік-бекеттік және кинологиялық қызметтің жұмысымен, бөлімшенің материалдық-оқу базасымен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысты. Сонымен қатар, оларға жасақтың жедел әрекет ету бөлімінің қару-жарақ, әскери техника және жабдықтау үлгілері, қоян-қолтық ұрыс және қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезіндегі практикалық іс-әрекеттер көрсетілді.


Көзі: yunews.kz