Көмір бағасы 3 есе, кей жерлерде 4 есе артты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көмір бағасы 3 есе, кей жерлерде 4 есе артты

444

Smiley face

Қазан айында Қазақстанда жылыту маусымы басталады. Басым көпшілігі қалаларда орналасқан орталық жылыту жүйесі бар тұрғын үйлерде тариф 14%-ға қысқарып, 1 Гкал үшін 3440 теңгені құраса, өңірлерде үйлерді жылыту көмір мен отын немесе бар болса, тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газ есебінен жүргізіледі.

Ел бойынша 1 тонна көмірдің орташа бағасы 12,4 мың теңгені құрады. Бір текше метр отын 8,9%-ға, 6,5 мың теңгеге дейін қымбаттады. Табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігі бар өңірлер үшін 1 текше метр газ бағасы 1,1%-ға, 18,7 теңгеге дейін қысқарды, деп хабарлайды energyprom.kz.

Smiley face

Көмір бағасын делдалдардың қалыптастыруы жалғасуда, және де сауда-саттықты биржаларға ауыстыру да көмектеспейді, себебі ол жерде де делдалдық құрылымдар әрекет етеді. Мысалы, өндіруші компаниялардың көмірді алғашқы сату бағасы бір тонна үшін 3,5-5,5 мың теңгені құрайды, ал делдалдар тізбегі арқылы өтіп, соңғы тұтынушы үшін баға 14-22 мың теңге шегінде өзгереді. ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметовтың мәліметінше, қазірдің өзінде тауар биржасында көмір өндіретін және олармен үлестес-делдал компаниялар арасында келісімге келудің фактілері анықталды,  бір секунд ішінде 6 өнім беруші арасында 566 мың тонна көмір бөлінген.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, көмірдің ең жоғары бағасы Оралда (тоннасына 18,5 мың теңге), Қызылордада (14,1 мың теңге) және Алматыда (14 мың теңге) тіркелді. Отынның ең жоғары бағасы – Нұр-Сұлтанда: 1 текше метр үшін 12,7 мың теңге; елордадағы көмір бағасы - бір тонна үшін 12,3 мың теңге.

Smiley face


Көзі: yunews.kz