Қазақстанда пациенттер үшін дәрілік препараттарға қосымша ақы төлеу енгізілуі мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда пациенттер үшін дәрілік препараттарға қосымша ақы төлеу енгізілуі мүмкін

444

Smiley face

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа жобасының редакциясын таныстыру аясында фармацевтикалық қызметті жетілдіру үшін қосымша ақы төлеу тәртібін нақтылау ұсынылды, өйткені қазіргі күнде пациентке ерікті негізде бағаның айырмашылығын төлеп дәрілік затты алуға мүмкіндік беретін механизм жоқ. 

Сондай-ақ ұсынылған нормалардың бірі фармацевтикалық инспекторатты жетілдіру болды. Бұл қажеттілік қолданыстағы Кодексте қызметті инспекциялау мәселелері шетелдік өндірушілерді қамтымайтынына байланысты туындады, оның салдарынан өндірілетін және ұсынылатын дәрілік заттың сапасын қадағалауға мүмкіндік болмайды.


Көзі: yunews.kz