Түркістан облысының тұрғыны автокөлік айдап әкетіп, жағып жіберген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысының тұрғыны автокөлік айдап әкетіп, жағып жіберген

444

Smiley faceФото Түркістан облысының ПД баспасөз қызметінен

Төлеби АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, өзінің автокөлігін кешкі уақытта кафенің жанында қалдырып кеткенін, ал шыққан кезде көлікті орнында таппағанын хабарлады. Аталған факт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 200-бабы "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша тіркелген.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жәбірленушінің ашық автокөлікте оталдыру кілтін қалдырып кеткенін  анықтады.  Содан кейін өз тауарларын көрсету үшін кафеге кіріп кеткен, 15 минуттан кейін шыққан ол көлігін таппады. Жүргізушінің айтуынша, оның автокөлігінде 48 құты одеколон, екі ұялы телефон және 10 мың теңге болған. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асты. 

Қылмысты ашу мақсатында Төлеби АПБ полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын бастады", - деді Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақты аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, жедел уәкілдер бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған Төлеби ауданының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады, ол салынып бітпеген үйлердің бірінде жасырынған.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті автокөлік иесі мен куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, ессіз қалған автокөлікті айдап кеткен. Содан кейін, автокөлікті айдап әкеткені үшін жауапқа тартылудан қорқып, жас жігіт ізін жасыру үшін ұрланған көлікті өртеп жіберген.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің тағы екі пәтер ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Бірінші жағдайда ұрлықшы үйден құны 8 мың теңге тұратын спорттық аяқ киім мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, ал басқа жағдайда ол ерлер сағаты мен ұялы телефон ұрлаған. Күдікті өз әрекетін толық мойындады. Ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде: ҚР ҚК 188 (ұрлық), ҚР ҚК 200 (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) және ҚР ҚК 202 (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру). Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Smiley faceФото Түркістан облысының ПД баспасөз қызметінен


Көзі: yunews.kz