Саран тұрғындарына тұрғын үй алу үшін өз кезегін білу оңай болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Саран тұрғындарына тұрғын үй алу үшін өз кезегін білу оңай болды

444

Smiley face

Саран тұрғындары үйлерінен шықпастан баспана алу үшін тұрған кезегінің қаншалықты жылжығанын біле алады. Қалалық әкімдік аталмыш қызметті оңай және қолжетімді етуге тырысты.
Бұрын ақпарат алу ұзағырақ уақыт алатын. Кезекте тұрғандар реттік нөмірін екі жолмен нақтылай алатын. ТКШ бөліміне өтініш алып баратын немесе әкімдік сайтындағы тізімнен өз есімдерін іздейтін.
Енді бұл процесс небәрі бірнеше минут алады. 3010 қысқа нөміріне ЖСН жазылған СМС жолдасаыз жеткілікті. Содан соң бірден кезек нөмірі бар жауап келеді. Тізімдер пәтер берілуіне қарай өзгертіледі.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, Саран қаласында мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға 1 291 адам кезекте тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қалада бес қабатты 120 пәтерлі үй салынуда. Көп қабатты үйді 2019 жылдың желтоқсанында тапсыру жоспарланып отыр. Пәтерлер жалға алу құқығымен көп балалы және толық емес отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектерге және т. б. секілді әлеуметтік қорғалатын санаттардағы кезекте тұрғандарға бөлінеді.
 


Көзі: yunews.kz