Алматыда үй тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда үй тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

444

Smiley face

Полицейлер Алматының «Дорожник» ықшамауданында қылмыстық топты әшкерелеу үшін арнайы операция өткізді. Олар пәтерді тонап, шығып келе жатқан бес адамды ұстады, деп хабарлайды Алматы қ. ПД баспасөз қызметі.

«Ұрылар қылмыс үстінде ұсталды, яғни кезекті пәтер тонау кезінде. Сондай-ақ, олардың бірнеше сағат бұрын Түрксіб ауданында орналасқан екі жеке үйді тонағаны белгілі болды. Күдіктілер ақша, құндыз тон мен зерігерлік бұйымдарды ұрлаумен айналысқан. Ұстау кезінде олардан жоғарыда аталған заттар тәркіленді. Айта кететіні, күдіктілер қылмыстық жолмен тапқан олжасын «Volkswagen» көлігіне салып отырған. Күдіктілер - Алматы облысының тұрғындары. Топтың ең үлкені - 34 жаста, ең кішісі - 29 жаста. Бес адамның төртеуі қарақшылық, тонау, біреудің мүлкін ұрлау және төбелес кезінде өлімге әкеліп соқтырғаны үшін бұрын сотталған. Олардың мегаполисте қанша уақыттан бері жүргенін және осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын жақын арада анықтаймыз»,- деп нақтылады Алматы қаласының ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Ұсталғандар қамауға алынды. Заттай айғақтар тәркіленді.

Smiley face

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz