Нұр-Сұлтан қ. «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қ. «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шаһардың «Алматы» ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Т.М. Тлеуов пен «Лайн Групп» ЖШС және «Ақжайық Энерго» ЖШС директоры Б.К. Абдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Т.М. Тлеуов «Алматы» ауданын жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін Б.К. Абдиевтен 5 млн. теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Тлеуов Т.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен Б.К. Абдиев пара бергені үшін сотталды және оған 71 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.


Көзі: yunews.kz