Соңғы 3 жылда ҚР-да туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 1,1 есеге төмендеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Соңғы 3 жылда ҚР-да туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 1,1 есеге төмендеді

444

Smiley face

Соңғы 3 жылда ҚР-да туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 1,1 есеге төмендеді, деп хабарлайды ҚР ОКҚ баспасөз қызметі.

Жалпы, елімізде көптеген инфекциялық аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Республика халқының арасында 2019 жылдың 9 айында оба, дифтерия, полиомиелит, трихинеллез, висцералды лейшманиозбен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 35 нозология бойынша, оның ішінде А вирустық гепатиті 2,1 есе, менингокококк инфекциясы 41,3%, жіті вирустық гепатит 49,61%, энтеробиоз 29,8%, сальмонеллез 22%, тұмау 12,5%, ЖРВИ 9,4%, тыныс алу ағзаларының туберкулезі 8,5%, эпидемиялық паротит 8 жағдайға төмендеді.

 Қазақстанда жыл сайын көптеген дәріге төзімді туберкулездің шамамен екі мыңдай ауруы анықталады, бұл туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастардың жалпы санынан 25% құрайды және соңғы 8-9 жыл ішінде  көрсетілген деңгейде қалып отыр.

Туберкулезді ерте анықтау мақсатында Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы әдістер енгізілді.

2019 жылдың 9 айында аурушаңдық көрсеткіші 34,7 өлім-жітім құрады – 100 мың адамға шаққанда 1,6. Аурушаңдықтың да, өлім-жітімнің де төмендеу қарқыны жылдан жылға 7-8%, ал Еуропалық аймақ елдерінде – 2-3%  құрайды.

Сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастарды емдеудің тиімділігі 2019 жылы артты және ДДҰ стандарты  85%  болғанда 88,6% құрады (2016ж. – 86,9%);  ал көптеген дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар ДДҰ стандарты  75%  болғанда – 81,0% (2016 ж. – 78,2%) құрады.

Туберкулезді тиімді диагностикалау мен емдеу соңғы 3 жылда туберкулезбен ауырған 53 мыңнан астам адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік берді.


Көзі: yunews.kz