Қазақстанда қызылшамен ауырған балалардың көпшілігі – егілмеген балалар - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда қызылшамен ауырған балалардың көпшілігі – егілмеген балалар

444

Smiley face

Қабылданған шаралар арқасында сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалды: қыркүйек айында республика бойынша қызылшамен сырқаттану наурыз айымен салыстырғанда 6,7 есе төмендеді (1918-ден 238 жағдайға дейін). Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарланды.

Бүгінгі күні қызылшаның 10 896 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық көбіне егілмеген балалар арасында тіркеледі, олар сырқаттанушылықтың 60,4%-ын құрайды. Қызылшаның республиканың барлық аймақтарында тіркелгені байқалады. Ең көп сырқаттану Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, онда 3 мыңнан астам адам ауырды, мыңнан астам жағдай Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында тіркелді.

Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, қызылшаға қарсы 18 мыңнан астам байланыста болған адам егілді.

 Қызылшамен ауырған балалардың 60%-дан астамы 1 жасқа дейінгі егілмеген балаларға тиесілі болуына байланысты, а.ж. 1 сәуірінен бастап 9 айлық балаларға және медицина қызметкерлеріне вакцинация жүргізілді,  228 мыңнан астам бала мен медицина қызметкерлері егілді.

Ауырған ересектердің арасында 55%-дан астам жағдай  20-29 жас аралығындағы топқа келетінін  ескере отырып, а.ж. 16 қыркүйектен бастап осы жас тобына қосымша вакцинация жүргізіледі. Осы мақсатта қызылшаға және қызамыққа қарсы вакцинаның 2,013 млн дозасы 653 661,4 мың теңгеге сатып алынды. Бүгінгі таңда 20-29 жас аралығындағы 671 мыңнан астам адам егілді.


Көзі: yunews.kz