Тұмауға қарсы вакцина 300 мың дозаға артық сатып алынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тұмауға қарсы вакцина 300 мың дозаға артық сатып алынды

444

Smiley face

2019 жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Ресейде өндірілген "ГРИППОЛ +" вакцинасының 1,8 млн дозасы 1 млрд 600 млн теңгеден астам сомаға сатып алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың дозаға артық. Вакцина құрамында алдағы маусымның тұмау штаммдары бар. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында айтылды.

Қазіргі уақытта республика бойынша 590 621 адам тұмауға қарсы егілді. Вакцинадан кейінгі асқынулар анықталған жоқ.

Бюджет қаражатына сатып алынған ресейлік "ГРИППОЛ +" вакцинасынан басқа, Қазақстанда  3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы да 4 вакцинасы тіркелген. Бұл "Ваксигрип" және "Ваксигрип Тетра" ("Санофи-Пастер", Франция), "Инфлювак", ("Эбботт", Нидерланды) және гриппозға қарсы вакцина ("СиновакБиотек", Қытай) вакциналары.

Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жеке егу орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша емханалардың тиісті рұқсаты бар егу кабинеттерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің мекенжайын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау басқармаларынан немесе тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаменттерінен, сондай-ақ олардың сайтынан білуге болады.


Көзі: yunews.kz